Елдос Сметов дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионды атанды

183

ХХХlll жазғы Олимпиада ойындарында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, жамбылдық Елдос Сметов жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Жерлесіміз төртжылдықтың басты додасында 3 мәрте жүлде алып, ел тарихында дзюдодан Олимпиаданың тұңғыш чемпионы атанып отыр.

Бүгін Елдос Сметов алғашқы айналымда нидерландылық Торнуке Чакадуамен белдесіп, Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады.

Екінші кезеңде украиналық Ділшот Халматовтан «ваззари» ұпайы бойынша басым түсті.

Ширек финалдық белдесуде Қытайлық Тайпей өкілі Ванг Вейді «ваззари» әдісімен тізе бүктірді.

Жартылай финалда Әлем және Еуропа чемпионы, испаниялық Франсиско Гарригосты ұтты.

Финалда франциялық Лука Мхидземен белдесіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кетейік, өңіріміздің Олимпиада ойындарындағы жүлде қоры 11-ші медальмен толығып отыр.

Барша спортшыларға сәттілік, жеңіс тілейміз!

Көк туымыз мәңгі көкте қалықтасын!

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.