Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін қандай өзгеріс болды?

80

«Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заңның күші жойылған соң ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтының атауы өзгерді деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған дейін сайт атауы Elbasy.kz болса, бүгіннен бастап Nazarbayev.kz болып өзгерді.

Енді қолданушылар іздеу жүйесіне Elbasy.kz деп жазған күннің өзінде автоматты түрде Nazarbayev.kz сайтына ауысады.

Бұған дейін сайттың алғашқы бетінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты» деп жазылса, енді «Елбасы» деген сөз алынып тасталды.

https://turkystan.kz/article/213665-elbasy-turaly-zan-kushin-zhoygannan-keyin-kanday-ozgeris-boldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.