Ел тілеуі – сапалы жол

68

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» негізгі міндеті – жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ, жол активтерінің басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Кәсіпорынның өңірлік филиалының қызметкерлері есепті кезеңде 211 нысанға 431 рет іссапар жасаған. Бұл күндері жол-құрылысы материалдарынан 1253 дана үлгі алынып, сынақтан өткізілген. Нәтижесінде 123 дана материалдың тиісті талаптарға сәйкес келмейтіні анықталыпты.

— Осы жылдың 8 айында республикалық жолдардағы 31 нысанға 268 іссапар жасадық. 510 дана үлгі алынып, оның ішінде ды 6 дананың нормативтік талаптарға сай еместігі анықталды. Ал,жергілікті автомобиль жолдарындағы 141 нысанға 131 іссапар жасап, 584 дана үлгі алынды. Мұндағы 104 үлгіде ақау бар екендігі белгілі болды. Барлық анықталған ақаулар бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымына хат жолданды. Негізгі проблема асфальтбетон жамылғысын нашар тығыздауына байланысты. Сол себепті 123 дананын көбі сынақтан тығыздау коэффиценті өтпеген. Бұл жерде мердігер ұйымының жұмыстаң «үнемдеуі» көрініп тұр. Шын мәнінде, мердігер ұйымдары жұмыстың сапасына көп көңіл бөліп, асфальтбетон жабынын орнату технологиясын қатаң сақтау қажет, — дейді инженер Тойшыбай Әлиахметов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.