Екібастұзда әйелдің аяғына аялдама құлап кеткен

32

Қатты дауылдан павильон аударылып, аялдамада тұрған 56 жастағы әйелге құлап, оң аяғынан жарақат алды.

Екібастұзда желден құлаған аялдама әйелдің аяғын сындырды. Ол амбулаторлық емделуге үйге жіберілді, деп хабарлады turkystan.kz сайты pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз ауруханасының мәліметінше, 7 қарашада екі зардап шеккен адам травматологиялық пунктіге жүгінді. Қатты дауылдан павильон аударылып, аялдамада тұрған 56 жастағы әйелге құлап, оң аяғынан жарақат алды.

«Оған тобықтың жабық сынуы деген диагнозы қойылды. Ол ауруханаға жатқызудан бас тартты. Қажетті көрсетілген көмектен кейін амбулаториялық емделуге жіберілді», — деп хабарлады Екібастұз әкімдігінің баспасөз қызметі.

Екінші зардап шеккен әйел 47 жаста. Ол оң жақ иық буынының жарақатын алды. Науқас ауруханаға жатқызудан бас тартты, амбулаториялық емделуге жіберілді.

сурет:

https://turkystan.kz/article/251672-ekibastuzda-ieldin-aiagyna-aialdama-ku-lap-ketken

Leave A Reply

Your email address will not be published.