ЕГІСТІК АЛҚАБЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ

160

Күреңбел ауылының тұрғыны Көмекбаев Саулембек Құрақбайұлы арпа, бидай, жоңыршқа егістік алқабы үшін тиімді жаңа технологияны шаруасына пайдалануды бастап отыр.
Ол технология – дронмен тыңайтқыштар себу әдісі. Негізінен ауыл шаруашылық мақсатында қолданылатын дрон Қытайда құрастырылып, жасалады. Біздің елде дестрибьютерлер Көкшетау қаласында. Нарықтағы бағасы 8-14 млн. көлемінде. Негізінен, алғашқы болып Қызылорда, Алматы облыстарындағы шаруалар пайдалана бастады. Біз тәжірибеге биылғы жылы енгізіп отырмыз,- дейді шаруашылық иесі.

Озық технологияны үйретуге мамандардың өздері келіп, 4-5 күн оқытқан. Дронмен BIO MELIORANT тыңайтқышын сағатына 20 гектарға шашып шығуға болады. Дрон желді күндері ұшырылмайды. Арнайы ақпарат енгізіліп, дрон белгіленген алқапқа ұшырылып жіберіледі.

BIO MELIORANT тыңайтқышы егістіктің өсуіне, тұқым салмағына, зиянкестерге де пайдалы. Тыңайтқыш себілген соң, егістікке 5 сағатта сіңеді. Өнім 2 күнде 20 см көтерілген. Тыңайтқыш сұйық күйінде 3,3 литрі 10 литр суға араластырылады. Құрамында 12 тыңайтқыш қоспасы бар.

Жуалы ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.