ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА САЛАСЫНА 10,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

129
Бұл туралы Жамбыл облысының шаруаларымен өткен семинарда облыс әкімнің орынбасары Әбілхайыр Тамабек айтты.
— Жалпы биылғы жылы егіс науқанын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында «Кең дала» бағдарламасына 1,0 млрд. теңге қаржы қарастырылып отыр. Одан бөлек, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға — 857,0 млн. теңге, басым дақылдардың өндірісін субсидиялауға — 2,0 млрд. теңге, тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға — 1,0 млрд. теңге және инвестициялық субсидияға — 6,7 мрлд. теңге қарастырылған, — деп атап өтті Әбілхайыр Ғалымұлы.
Егін шаруашылығын дамыту, оның ішінде егіс алқаптарын әртараптандыру, қант қызылшасын егу, су үнемдеу технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелеріне арналған семинар барысында өңірдің шаруалары мен әр түрлі компания өкілдері өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында агроқұрылым басшыларына «Zoomlion» тракторының жаңа түрлері таныстырылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.