«Джип» жүргізушісі кәмелетке толмаған 3 қызды соғып, қашып кеткен

599

Қостанайлық тәртіп сақшылары 3 жаяу жүргіншіні соғып кеткен жүргізушіге іздеу салды.

Жол-көлік оқиғасы 13 шілде күні сағат 18:00-дер шамасында Қостанай қаласында болған.

«Ақ түсті «Джип» автокөлігі Рудненский-Ленинградский көшелерінің қилысындағы жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан 16,13 және 11 жасар қыздарды соғып кеткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін жасырған. Полицейлер күдіктіге іздеу салды», — деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қыздардың екеуі түрлі дене жарақаттарын алды. Ал үшіншісі ауруханада жатыр.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.