Достық үйі – игілікті істердің ұйытқысы

24

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігінің, татулық пен өзара сыйластықтың айнымас кепілі. Мемлекетіміздің басты құндылығы – қоғамдық келісім мен тұрақтылық. Бұл жолда Ассамблеяның атқарып отырған рөлі орасан. Отыз жылдықтың биігіне көтерілген іргелі ұйымның арқасында елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Расында, Ассамблея – осы бауырмалдық пен достықтың нақты алаңы.
Елімізде 100-ден астам этнос өкілдері ынтымақта күн кешсе, олардың сексеннен астамы тарихы тереңге тамыр тартқан киелі Әулиеата өлкесінде тұрады. Өңірлік Ассамблея тарихы грек, өзбек, тәжік, ұйғыр, дүнген, кәріс, шешен-ингуш, орыс, түрік және күрді орталықтарының құрылуынан бастау алған болатын. Аймақта татулықта күн кешіп жүрген өзге ұлт өкілдерінің ымыралы ынтамығы арқылы Тараз қаласында алғаш рет 2005 жылы Достық үйі ашылып, 2016 жылы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешені аумағында айрықша сәулет үлгісімен салынған еңселі ғимарат — Достық үйіне көшірілді. Этностардың көптігі облыстың этносаралық қатынасының ерекшелігі болып табылады. Ал аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясы қанатының астына топтасқан 41 этномәдени бірлестік қоғамдағы сан қырлы мәселелерге үн қатып, бейбітшілік пен татулықтың орнауына үлес қосып келеді.

Мубарак ЖИНАҚБАЕВА,
Жамбыл облысы әкімдігі
ақпарат және қоғамдық даму басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.