Домалақ ана көшесіне толықтай асфальт төселді

210
Тараз қаласындағы Домалақ ана көшесіне бұған дейін асфальт жабындысы төселген болатын. Бірақ, аталған көшенің аяғында тұратын тұрғындар бұл игіліктің рақатын көре алмаған еді. Бүгін сол олқылықтың орны толып, Домалақ ана көшесінің аяғы мен ондағы барлық тұйықтарға асфальт жабындысы төселді.
 Құрылыс жұмыстары жүрген көше мен тұйықтардың жалпы ұзындығы 880 метрді құрайды. Екі аптада елдің рахметін алған мердігер мекеме «B grass» ЖШС. Техникалық қадағалаушы – «АКГЕМ СТРОЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
 Жалпы, құрылыс жұмыстарына 45 күн жоспарланған, бірақ мердігер мекеменің ілкімді ісінің арқасында толық екі аптада аяқталды.
Қазір мұнда жол жиектерін тегістеу мен өзге де тиісті жұмыстар жүріп жатыр.
Дереккөз: @kris.p.taraz

Leave A Reply

Your email address will not be published.