ДИЗЕЛ ОТЫНЫНА ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ

74
2023 жылғы 13 сәуірде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының № 137 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларының 4-тармағына сәйкес, 2024 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемін қалыптастыруға ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 1-20 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады.
Осы орайда, АШТӨ-лерге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемін қалыптастыру Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген мемлекеттік «gosagro.kz» ақпараттық жүйедегі (бұдан әрі – АЖ) модуль базасында электрондық нысанда дизель отынын алу үшін өтінім тапсыруларыңызды сұраймыз.
Дизель отынына электронды өтінім беру туралы сілтемесі

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.