«Діни наным бойынша бас тартады»: Дәрігерлер қазақстандықтардың вакцинадан не себепті қорқатынын айтты

79

Фото: pixabay.com

Басқарма басшысы елімізде вакцинамен басқарылатын инфекциялардың қатарына 20 ауру кіріп отырғанын айтты. Қызылшадан басқа да жұқпалы аурулар вакцианмен басқарылады. Маманның айтуынша адамдар көбіне жеке нанымы бойынша екпе салдырудан бас таратды.

“Діни наным бойынша бас тартатындар да бар. Яғни кейбір дін ағымдар бағытындағы адамдар діни көзқарасына байланысты вакцинадан бас тартып отыр. Соңғы жылдары интернет, әлеуметтік желілерде вакцинацияның теріс әсері туралы жалған ақпараттар көптеп таралып жүр”, — деп түсіндірді Нұршай Әзімбаева.

Басқарма басшысы атап өткендей, осындай жалған ақпараттарға сеніп, вакцинадан бас тартатындар саны жетерлік. Айтуынша вакцинадан бас тарту пандемиядан кейін тіпті көбейіп кеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 727 мектепте балалар қызылша жұқтырғанын жазған едік.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова үкімет резервінен қызылшаға қарсы тағы 1 миллион доза екпе сатып алынатынын мәлімдеген болатын.

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға қызылшаның таралуына қатысты да үндеу жасаған болатын.

Ал, денсаулық сақтау министрінің орынбасары — бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қызылша Қазақстанның барлық аймағына тарағанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қызылша ауруының тез таралуының себебін түсіндіріп берген еді.

https://stan.kz/dini-nanim-boyinsha-bas-tartadi-darigerler-kazakstandik-391002/

Leave A Reply

Your email address will not be published.