Дін тақырыбына қалам тартып жүргендер дидарласты

853

 

Астана қаласында ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингін өткізді. Басқосу журналистерді арнайы дағдыларға оқыту және дін саласындағы ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыруда тиімді жұмыс тәжірибесімен алмасу және дін саласындағы тақырыптарға қатысты мәселелерді ақпараттық тұрғыдан іске асыру бағыттарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның ашылуында сөз алған Қоғамдық келісім комитетінің жетекшісі Қайсар Жанаханов қоғамдық пікір және деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыруда БАҚ өкілдерінің рөлі ерекше екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол қазақстанның конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту саясатын қолдауға, сондай-ақ радикалды діни ағымдардың идеяларына қарсы тұруға және халық үшін қажетті иммунитет қалыптастыруға, дәстүрлі рухани құндылықтарды және зайырлылық қағидаларын ілгерілетуге БАҚ белсене қатысуға шақырды.

Тренингте діни экстримизм мен терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимылдағы БАҚ-тың рөлі мен міндеттері туралы ҚР ҰҚК академиясы Терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері, сарапшы-саясаткер Руслан Иржанов және БАҚ-дағы әлемдік және дәстүрлі діндер жайлы бұқаралық және корпоративті коммуникациялар маманы Рүстем Рахимов баяндап берді.

Жиын барысында журналистер пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды, дін саласындағы қазіргі мәселелерді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау әдістерін талқылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.