«Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» курсы

800

28-29 қарашада Астана қаласында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» курсы өтті.

«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау жұмыстарын жүргізуде.

Аталмыш іс-шарада Астана қаласының және республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері даярлау және қайта даярлаудан өтті.

Курсқа спикер ретінде арнайы шақырылған шетелдік сарапшы Вершинин Михаил Валерьевич әлеуметтік психолог, кері діни ағымдардан, культтер мен секталардан және радикалды ұйымдардан зардап шеккен тұлғаларға құқықтық және психологиялық тұрғыдан кеңес берді.

Тәжірибесінде культтер мен радикалды ұйымдардың ішінде 700 сағаттан астам зерттеу жүргізген, тікелей кеңес беруінің арқасында бірнеше ондаған адам культтерді тастап, қалыпты өмірге оралған.

Сонымен қатар, семинарға әлеуметтік желіде тиімді жұмыс жасаудың тренері Балгабаев Ринат Николаевич дін мәселелерін интернет желісінде ақпараттық-түсіндіру жолдарын атап өтті.

Дәріс барысында семинарға қатысушылар интернет желісінде жұмыс жасаудың негізгі машықтарымен, негативті бейтараптандырудың үлгісімен танысады, сондай-ақ, SMM құралдарын тиімді пайдалануды, тиімділіктің сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалауды үйренеді, сонымен қатар, қазақстандық тәжірибедегі SMM-ді пайдаланудың нақты үлгісін зерттеді.

Семинарды Президент әкімшілігінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин «Қазақстан Республикасының Конфессияаралық саясаты: сын-тегеуіріндері, мәселелері мен шешімдері. Дін мәселелері жөніндегі АТТ тиімділігінің мәселелері: қорытындысы және болашағы» тақырыбындағы баяндамасымен қорытындылады.

Оқу бағдарламасын толық меңгерген ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері келешекте халықпен нәтижелі және сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе алады және экстремистік ағымдарға қарсы тұра алатын АТТ мәртебесін айтарлықтай көтере алады.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен куәліктер табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.