«Дін, қоғам және жастар» тақырыбында кездесулер өтті

951

«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігі «Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Дін, қоғам және жастар» тақырыбында іс-шараларын ұйымдастырып, өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасының аясында Байзақ ауданының барлық ауылдық округтерінде және аудан орталығында дін саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтар болсақ 2018 жылдық шілде-тамыз айларында облысымыздағы білікті теолог-дінтанушылар Ержан Аманбаев және Бахтияр Әміреев лектор ретінде шақырылып, Жаңатұрмыс, Сазтерек, Темірбек, Ынтымақ, Ботамойнақ, Көктал, Суханбаев, Үлгілі, Қостөбе, Қызыл жұлдыз, Бурыл, Түймекент, Жалғызтөбе, Көктерек, Бәйтерек, Дихан, Мырзатай ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен, білім саласы, медицина саласы өкілдерімен, дін мешіт жамағаттарымен және жастарға дін саласында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жоба аясында аудан орталығында «Дін, қоғам және жастар» атты тақырыпта қорытыншы шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің магистр-дінтанушысы Наздан Нурланұлы Маукен, заңгер Асхат Құрышғалиұлы Олжабаев және ауданның дінге жауапты мамандары, шегара қызмеркерлері және білім қызметкерлері қатысты.

Жоба аясында қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған стикерлер, буклеттер, постерлер, флаерлер шығарылып, ақпараттық материал ретінде аудан тұрғындарына үйлестіріліп берілді.

Жоба аясында өткізілген іс-шараларға 1000-нан аса аудан тұрғындары қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.