Димаштың қытайлық фанаттары Қазақстан құрамасына жанкүйер болып жатыр (ВИДЕО)

66

Мәдениет және туризим министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің құрамасына Қытайда оқып жатқан студенттер, қандастармен қатар жергілікті спорт жанкүйерлері де қолдау білдіріп жатыр.

«Қазақстандық дзюдошылардың белдесуін көрдім. Жақсы өнер көрсетті. Қазақстанда да ірі халықаралық іс-шаралар өтетінін білемін. 2017 жылы сіздерде ЭКСПО көрмесі өткенінен хабардармын»,- дейді Ханчжоу тұрғыны Дэн Юэ.

Сондай-ақ Азиадада жүрген еріктілердің арасында қазақстандық спортшыларға қолдау білдіретіндер көп. Олардың басым бөлігі Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері. Жастардан бөлек, Димаштың өнерін бағалайтын ересектер де қазақстандықтарға ыстық ықылас білдіруде.

«Ия мен ол әншіні (Димашты) білемін, концертте көрдім, өте керемет! Қазақстанның спортшылары мен жанкүйерлеріне алыстан келіп, Азиадаға қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл – өз еліне және спортқа деген сүйіспеншіліктің дәлелі», — дейді Азия ойындарын тамашалауға Бейжіңнен келген Лю Пэнчжань.

 

https://turkystan.kz/article/234020-dimashty-ytayly-fanattary-aza-stan-ramasyna-zhank-yer-bolyp-zhatyr-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.