ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ ОТБАСЫ АҚТӨБЕДЕГІ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

1 204

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің отбасы «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының Гран-при иегері атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

24 мамыр күні Ақтөбеде облыстық кезеңнің қатысушыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

«Ақтөбеде байқаудың танымалдылығы мен беделі күн сайын өсіп келеді. Биыл облыстағы 148 елді мекеннен 500-ден аса отбасы қатысуға өтініш берді», – делінген хабарламада.

Аталған байқауда екі кезеңнің қорытындысы бойынша Құдайберген Айтбаев пен Миуа Низамутдинованың отбасы Гран-при иегері атанды.

Отау құрғандарына 50 жыл болған ерлі-зайыптылар бір ұл және екі қыз, сондай-ақ тоғыз немереле, соның ішінде әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеновті тәрбиелеген. Айтбаевтарға бұл байқауға қатысқаны және жеңіске жеткені үшін алғыс хат пен шипажайға жолдама берілді.

Сонымен қатар, байқаудың облыстық кезеңіне өткен тағы 27 отбасына алғыс хаттар мен тұрмыстық техника берілді. Сондай-ақ, жүлделі орындарға ие болған Қобда ауданынан келген Сүлейменовтер отбасына, Ырғыз ауданынан Нұрмановтарға, Байғанин ауданынан Көрпебаевтарға және Қарғалы ауданынан Прыймак жанұясына тұрмыстық техникалар тарту етілді.

Лайықты жеңіске жеткен жеңімпаздарды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та құттықтады.

«Ұйымдастырушылардың атынан барлық 506 отбасыға қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді. Отбасы – мемлекетті құратын қоғамның бөлшегі. Егер отбасында бірлік, жақсы тәрбие, білім, мәдениет, отанына деген сүйіспеншілік болса, тұтас мемлекет те сондай болады. Әрине, Қазақстанның жетістігі, ең алдымен, әрбір қазақстандық отбасының еңбегі. Сондықтан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық отбасылардың өркендеуін, әрбір отбасы мүшелерінің лайықты білім алуға, шығармашылық пен спортпен шұғылдануға, дені сау және бақытты болуын қамтамасыз ету үшін барлығын жасауда, – деді облыс басшысы.
Ол сөз барысында Айтбаевтарға отбасылар күнімен сәйкес келетін конкурстың соңғы республикалық кезеңіне жеңіс тіледі.

Айта кетейік, жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» байқауы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған. Байқаудың негізгі мақсат – моральдық құндылықтардың жаңаруы, мәртебені көтеру және отбасы мен некеге деген оң имиджді қалыптастыру.

Республикалық жарыстың бесжылдық тарихында Ақтөбе халқы бір рет абсолютті жеңімпаз атанды. 2016 жылы Қазақстан бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері Абдулла мен Алила Нұсқабаевтардың көп балалы отбасы үздік деп танылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.