Диқандар дала төсін дүбірге бөлеуде

29

Көктем шуағы еніп, жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталады. Бұл — күзде орғанын кәдеге жаратқан егіншілердің тағы да қарбаласқа түсетін, қайнаған қызу еңбектің қызатын шағы. Егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағыт ұсталады.

Сарысу ауданында 2023 жылдың өнімі үшін отырғызылатын жаздық дақылдар 24 500 гектар алқапта орналастыру жос-парланды, бұл 2022 жылдың егілген егістік алқабынан +271,5 гектарға артық.        Атап айтқанда: —   Дәнді дақылдар 9850,0 га (2022 жылмен салыстарғанда + 150 га), оның ішінде 4100,0 га жаздық арпа (+100 га), дәндік жүгері 1250,0 га (+50 га) және 2022 жылы егілген 4500,0 га (+0 га) күздік бидай дақылдары;-    майлы дақылдар (мақсары) 8000 га (-300 га); картоп 60 га (+7,1 га); көкөніс дақылдары 400 га (+1,4 га); бақша дақылдары 450 га (+23,1 га); көп жылдық шөптер 5740 га (+290 га), о.і. ағымдағы жылы жаңадан отырғызылатыны 1 300 га.   Сонымен қатар жаздық дақылдарды себу үшін 15 560 гектар (4500 гектар күздік бидай және 4440 гектар жоңышқа былтырғы жылдары егілген) жер дайындау қажет болса, бүгінгі күнге 9 500 гектар жер дайындалып (61%), 4 100 гектар жаздық арпа (100%), 1 300 гектар жоңышқа (100%), 5 200 га мақсары (65%) себілді.     Картоп, дәндік жүгері, бақша және көкөніс дақылдары ауа-райының салқын болуынан сәуір айының ортасынан бастап отырғызылады. Көктемгі дала жұмыстары ағымдағы жылы 15 наурызда басталды, ауа-райы қолайлы болған жағдайда мамыр айының аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр.  Сонымен қатар, ағымдағы жылы алғаш рет соңғы 15 жыл көлемінде суармалы егіс алқапқа «Игілік» өндірістік кооперативі арпаның «Бәйшешек» сортын 45 гектарға отырғызып, аудан шаруашылықтарына тұқым дайындаумен айналысуды бас-тады. Алдағы уақытта облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданда суармалы егістік жерде бір, телімі жерде бір тұқым шаруашылықтарын құру бойынша ғылыми институттардың мамандарымен бірлескен жұмыстар жүргізіліп, ауданда аудандастырылған тұқымдар шығару жоспарланып отыр.

Тұқыммен қамтамасыз ету

Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 740 тонна жаздық арпа тұқымы (қажеттілік 738 тонна, дайындық 100,3%), 205 тонна мақсары тұқымы (қажеттілік 200 тонна, дайындық 103,0%), 32 тонна дәндік жүгері тұқымы (қажеттілік 31,25 тонна, дайындық 64%), 40 тонна жоңышқа тұқымы (қажеттілік 37,5 тонна, дайындық 107%) дайындалып қажеттілік толығымен шешілген.

Техника дайындығы туралы

Ауданда барлығы 683 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техника саны 510 дана. Оның ішінде 342 трактор, 45 дана соқа, 28 дана қопсытқыш, 85 дана дән сепкіш. Техникалардың 95%-ы көктемгі егіс дала жұмыстарына қатысуда.

Дизель отынымен қамтамасыз ету

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 780 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген (Оператор ЖК «Сарыпбекова»)  бағасы 212 теңге/литріне.

Қазіргі таңда операторға 603,1 тонна дизель жеткізіліп,  шаруашылықтарға өтінімдеріне сәйкес босатылуда. Сәуір айында қосымша 130 тонна дизель отынына оператор тарапынан қаражат төленді, алдағы уақытта жеткізілетін болады.

Минералды тыңайтқыштар

2023 жылы 1207,4 тонна тыңайтқыш алып, егістік алқаптың 13 600 га тыңайту жоспарланған. (2022 жылы жоспар 13 000 га болған).

Бүгінгі күнге  селитра және аммофос тыңайтқыштарын сатып алуға 281,5 тонна келісім-шарт жасалып, 222,5 тонна (18,4%) тыңайтқыш алынды.

Ағымдағы жылы тыңайтқыш алуға мемлекет тарапынан берілетін субсидия бағдарламасына енгізілген өзгерістерге байланысты тыңайтқыш құнын 100 пайыз  төлем жасауға  шаруашылықтардағы қаражат тапшылығынан сұраныс аз берілуде. Алдағы жылдарда мемлекет тарапынан берілетін тыңайтқыш құнының 50 пайыз субсидия қаражатынан шаруашылықтар арқылы тыңайтқыш сатушы кәсіпорынға тікелей аударылып, шаруашылық қалған қаражатты өздері төлем жасайтын. Бұл мәселені шешу бойынша облыстық басқарма тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс жолданып жұмыстар жүргізілуде.

Қаржыландыру

Көктемгі дала жұмыстарын «Кең дала» бағдарламасы бойынша несие алуға 12 өтінім түсіп шаруашылықтан өтінім түсіп   77,3 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Су жүйелері

Ауданда егістік жерлерді суғаруға арналған 2 су қоймасы және (Ынталы және Бүркітті) 16 су жеткізу каналдары бар. Су қоймалары «ҚазСуШар» РМК мекемесінің теңгеріміндегі 16 каналдың  12 каналға жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға (Жаңа Кәрітоған, Күлтөбе, Сарыөзек, Бүркітті лоток, Р-1, Өтес, Кедей, Тасарық, Отводящий-2, Балатоған, Дюкер, Төменгі Бүркітті, Киров, Қызыл-Ту,) аудандық коммуналдық меншікке алынған.  Қалған 2 канал (Ескі Кәрітоған, Байшахан) жекешелендіру комитетінде келісімделуде.

«Ынталы» су қоймасының су сыйымдылығы 30 млн. м3 су болса, бүгінгі күнге 30 млн. м3(100%) су толық жиналған.

«Бүркітті» су қоймасының су сыйымдылығы 8,3 млн. м3 болса, бүгінгі күнге 7,0 млн. м3(86,3%) су жинақталып вегетациялық кезең басталғанша қажетті су көлемі қосымша жинақталатын болады.

Ауданда суармалы егістікке ағын су жеткізетін 109,4 км ұзындықтағы 16 канал шаруашылықтардың қатысуымен толық тазаланды.

«ҚазСуШар» РМК Сарысу аудандық филиалымен 102 шаруа қожалық (1285,7 га) су пайдалану үшін келісім шартқа отырды. Бүгінде суармалы егіс алқабының 455,0 гектары оның ішінде көпжылдық шөп (жоңышқа) алқабы Шабақты, Бүркітті өзендерінен ағын суды каналдар мен жер арықтарға көтеру арқылы ауыл ішіндегі жасыл белдеу бағдарламасымен егілген бақтар мен бірінші кезекте суармалы егіске егілген көпжылдық шөптер алқаптарына берілуде, келесі кезекте жүгері алқабы егілетін егістік жерлерге бере отырып алдағы уақытта осы кезекпен ағын суды пайдалану тиімділігін арттыра отырып қоймалардағы суды үнемді пайдалану үшін мейілінше өзендердегі ағын суды пайдалануға жұмыстар жргізілуде.    Сонымен қатар, Шабақты, Бүркітті  өзендеріндегі ағын суды пайдалану бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесінде Жаңаталап, Игілік, Байқадам, Жайылма ауылдық округтеріндегі 10,0 гектардан астам жайылымдар мен шабындық жерлер суландырылды. Осылайша, күн санап дала төсі қызу еңбектің дүбіріне толып, қат-қабат келген қалың жұмыстың сахнасына айналуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.