Диетолог танымал сүт өнімінің зияны туралы ескерту жасады

197

Фото: dzen.ru

Маман сүзбе массасында әдеттен көп қант, сондай-ақ май құрамы көп екенін айтты. Сүзбе құрамының бұл комбинациясы оның барлық пайдалы қасиеттерін жоққа шығарады дейді.

Ол кәдімгі сүзбе бірқатар аурулардың алдын алатынын айтса, майлы және тәтті сүзбе массасы қант диабеті, семіздік және атеросклероз қаупін арттыратынын түсіндірді.

Диетолог бір-екі қасық сүзбе массасы сау адамдарға зиян келтірмейтінін, бірақ семіздік пен гипертония үшін бұл өнімді қолдануға қарсы екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол балаларға тәтті сүзбе бермеуге кеңес берді, өйткені ол нашар тамақтану әдеттерін және тәтті тағамдарға құмарлықты тудыруы мүмкін екен.

https://stan.kz/dietolog-tanimal-sut-oniminin-ziyani-turali-eskertu-zha-400004/

Leave A Reply

Your email address will not be published.