Жамбыл облысының ҚАЖД мекемелерінде індеттің алдын-алу мақсатында дезинфекция жүргізіліп жатыр. Карантин кезеңінде шектеу және алдын алу шаралары шеңберінде, ҚАЖД ведомстволық бағынысты мекемелерінің аумағы мен ғимараттарында вирустың таралуына жол бермеу және жеке құрамды қауіпсіздендіру үшін, облыстық департамент пен Байзақ дезинфекция қызметкерлері тұрғын аймақты, әкімшілік ғимараттарды және мекемелерге іргелес жатқан аумақты құрамында хлоры бар заттарды алып жүретін шашыратқыштарды қолдана отырып, ауқымды санитарлық-дезинфекциялық өңдеу жүргізді.
Айта кетейік, алдын алу жұмыстары барысында жасақтар арасында қозғалыс шектелген. Сотталғандар, асханаларға жасақ бойынша барады. Барлық санитарлық-алдын алу шараларын сақталып, дезинфекциялау құралдарын қолданылуда.
Жанат Жұманов,
ЖД-158/4 мекемесінің медицина бөлімінің фельдшері әділет лейтенанты