Департамент басшысы тұрғындармен кездесті

44

Кеше ауданымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Лесбек Илебаев аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен бірге Ақбастау ауылдық округіне арнайы барып, жергілікті әкімдікте округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға ауылдық округтің әкімі Нұрсұлу Дүзеева да қатысты.

Басқосуда департамент басшысы ауылға келгендегі себеп – ауылдық округ әкімі аппаратында қызмет ететін мемлекеттік қызметшілерге деген тұрғындардың сенімі, функционалдық міндеттерінің орындалуы бойынша ауылдықтардың ой-пікірін білу екенін айтты. Өз кезегінде тұрғындар елді мекенде ел игілігіне бағытталған жұмыстар мен өтініш-тілектері орындалып жатқанын сөз етіп, игілікті істердің басы-қасында жүрген округ әкімінің жұмысына жақсы деген баға берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.