Денсаулық сақтау министрлігі банкпен бірігіп, жаңа сервисті іске қосты

111

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты деп хабарлады turkystan.kz.

Енді тура Kaspi.kz қосымшасында санаулы ғана минутта:

– «Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы;

– Психикалық денсаулық орталығынан науқастарды динамикалық бақылау (не динамикалық бақылаудың жоқтығы) туралы;

– «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан наркологиялық науқастарды динамикалық бақылау (не динамикалық бақылаудың жоқтығы) туралы анықтамаларды алуға болады.

Олар жұмысқа орналасқанда немесе оқуға түскенде, жүргізуші куәлігін алғанда немесе виза алғанда қажет болады.

https://turkystan.kz/article/198091-densaulyk-saktau-ministrligi-bankpen-birigip-zhana-servisti-iske-kosty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.