«Денис Тенді жоқтатпадың»: Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтынын айтты (ВИДЕО)

110

Коллаж: turkystan.kz

«Денис Тенді жоқтатпадың»: Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтынын айтты (ВИДЕО): 14 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Әйгілі әнші Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровқа жүрекжарды құттықтауын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мишабай, бауырым! Олимпиаданың алтыны құтты болсын! Мұз үстіндегі өнерің дүйім жұртқа рух пен шабыт сыйлады. Еліміздің саңлағы, маңдайымызға сыймай кеткен досым әрі сенің ағаң Денис Теннің аманатына адал болып, халқың алдындағы борышыңды абыроймен орындадың. Болашақта мұз үстіндегі жолың жарқын болсын! Олимпиадада менің әнімді орындап, мені де марқайттың. Рақмет! Осы орайда саған темір тұлпар сыйлаймын», — деді Димаш.

Желі қолданушылары бұл жазбаны ерекше ықыласпен қабылдап, қос чемпионға жылы лебіздерін білдірді

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276223-denis-tendi-zoqtatpadyn-dimas-qudaibergen-mixail-saidorovqa-kolik-syilaityny-aitty-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.