Демалыс уақытын тиімді, әрі пайдалы өткізу

230
Қордай ауданындағы “Балауса” балалар жазғы-сауықтыру лагеріне бардым. Оның жұмысы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы — Әшірбеков Санат мырза баяндады. 1977 жылы пайдалануға берілген ғимарат қазір күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Жөндеу жұмыстары соңғы рет 2020 жылы жасалған. Ал күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қомақты қаражат керек екен. Лагерь аумағында: 50 орындық 6 жатақхана, монша, душ кабинкалары, киіну орындары, жаздық сахна, бассейн, кіші футбол, баскетбол, волейбол алаңы, ойын алаңшалары бар. 2019 жылы — лагерь аумағындағы жолдар жаңадан төселген. Электр жолақтары жөнделген. 2021 жылы — төсек орнына қажетті қосымша жабдықтар сатып алынған. Барлық жатақханаларда теледидар бар және бейнебақылау камералары қойылған. Мұнда балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді, әрі пайдалы өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Тек бір қынжылтатыны ғимараттарының күрделі жөндеу көрмей тұрғаны. Соған қарамастан жыл сайын қызметін лайықты түрде атқарып келеді екен. Лагерьдің жай-күйін көзбен көрген соң, алдағы уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізуге барынша ықпал ететінімді ашық айттым.

Leave A Reply

Your email address will not be published.