ДЕБАТТАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР: ЖАМБЫЛДЫҚ ДИРЕКТОРЛАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

109

Мектеп басшыларының арасында өткен ІІІ республикалық «Director`s CUP» дебат турнирінде Жамбыл облысының мектеп директорларының командасы ІІІ орынды иеленді.

Білім беру ұйымы басшыларының көшбасшылық қабілеттерін, зияткерлік әлеуетін дамыту, өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарту арқылы олардың азаматтық көзқарастарын дамыту және конструктивті диалог пен пікірталасты жүргізу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген турнирге 21 команда қатысты.

Мектеп директорлары арасында өткен қазақша зияткерлік сайысында ұлттық идеологиямен бірге мәдениет, өнер, білім салалары да назардан тыс қалған жоқ. Қатысушылар жалпы қазақ қоғамындағы өзекті мәселелерді көтеріп, тың идеялар мен механизмдер ұсына білді.

Облыс атағын асқақтатқан «Парасат» фракциясының мүшелері: Меркі ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінің директоры Қойшыманова Нұрила Сейсембайқызы, Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов атындағы №20 орта мектебінің директоры Мырзаханов Нұрдәулет Талантұлы.

Дебатер директорларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.