Дауыл құлатқан талдар мұқтаж отбасыларға таратылуда

136

Таразда дауылды жел салдарынан көше бойындағы құлаған талдарды және сынған бұтақтарды кесу бойынша қала аумағында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, 17-21 қараша күндері аралығында жалпы саны 170 тал кесіліп, орындары тазартылды.

Кесілген талдардың көлемі 406 текше метрді құрады. Аталған ағаш мұқтаж тұрғындардың өтініштері негізінде қысқы мезгілде жағу үшін таралтылып берілуде. Аталған жұмыстарға 4 бригада және 10 техника жұмылдырылған болатын. Сонымен қатар, құлаған ағаштардың мекенжайлары анықталған жағдайда жұмыстар жүргізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.