ДАРЫНДЫ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАР-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

736
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін
ең алдымен азаттық пен білім қажет».
Шоқан Уәлиханов
Ата бабамыздың: «Бұлақ көрсең – көзін аш», – деген сөзінің астарында қаншама мән мағына жатыр десеңізші.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген өлең жолдарын білмейтін қазақ кемде-кем десек артық айтқандық болмас.
Барлық ұстаз қауымының алдында тұрған ең басты міндеті ол – Ел болашағын тәрбиелеуде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқытып, үйретіп, өнеге беріп, өнерге баулып, жас ұрпақты білім беру мен қатар ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әрбір ата-ана баласының білімді, өнерлі, жан-жақты болғанын қалайды.
Осы орайда мектептің де мақсаты – жан-жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
Жүйелі жұмыс барлық тиімді жағдай жасау арқылы жеңісті болмақ.
Иә, шын мәнісінде бүгінгі жас — ертеңгі елдің тізгінін мықтап ұстар, ел болашағы, келешек келбеті.
Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ертеңгі ел тағдыры!
Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда.
Осындай дарынды да талапты оқушылардың жайлы мекені-Акт залы-бұл әртүрлі оқу және шығармашылық іс-шараларды өткізуге арналған мектептің қоғамдық, шығармашылық өмір орталығы десек қателеспейміз.
Бүгін Үшарал ауылындағы Бозарық негізгі мектебінің Жомарт түлек аясында мектепке жапсарлас соғылған Акт залының ашылу салтанатына қатыстым.
Ауыл тұрғындарының, ұстаздар мен оқушыларымыздың қуаныштарымен ортақтастым.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, — деп жалынды ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, мектебіміздегі талантты балалардың өнерлерін тамашаладық.
Қуаныштан жүздері бал-бұл жайнаған оқушылар әлі де талай асулардан асып, белестерді бағындырамыз деген жалынды оймен қайтты!
Қуанышты жаңалықпен бөліскім келген мақаламның соңында жас дарындарға зор денсаулық пен толағай табыс тілей отырып, мынадай жыр жолдарын жеткізгім келеді:
Ұрпағы, жан ашыры текті жердің,
Қашанда жүздерінен нұр көремін.
Болашақ ғалымдар да, даналар да,
Өздеріңнен шығады деп білемін.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.