«Дарын» лицей-интернаты» КММ мұғалімі, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»

116
⚜️ Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы — Жамбыл облысынан «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты» КММ мұғалімі, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасымен марапатталды
Мұхтар Дәулетұлы «Математикалық сауаттылық», «Математикалық сауаттылық бойынша есептер жинағы», «Математикалық сауаттылық бойынша тесттер жинағы», «Математикалық сауаттылық бойынша оқушының жұмыс дәптері» (2017 ж.), «5–11 сыныптарға арналған математика курсы бойынша есептер жинағы» (2018 ж.), «Математика пәні бойынша тақырыптық тесттер жинағы» (2019 ж.), 10-сыныпқа арналған геометрия пәні бойынша «Қорытынды бағалау тапсырмалары» (2020 ж.) және т.б. оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
Ол «Тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамытуда метатанымды мақсат еткен тиімді оқыту жолдары» тақырыбында ғылыми-шығармашылық ізденіс жүргізіп келеді. Сонымен қатар, мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендердің сарапшысы.
Мұхтар Дәулетұлы педагогикалық қызмет барысында түрлі олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегері атанды, сондай-ақ оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары.
Ол өз ісінің білікті, жоғары адамгершілік қасиетке ие, жаңашыл идеяларды зерттеумен айналысатын, коммуникативтік қабілеті жоғары педагог ретінде танылған маман.

Leave A Reply

Your email address will not be published.