Damumed қолданбасынан қазақстандықтарға ескерту келіп жатыр

63
Damumed қолданбасынан қазақстандықтарға ескерту келіп жатыр

Хабарламада қолданбаны қолданушыларға алаяқтардың айла-амалдары туралы ескерту жазылған, деп хабарлады turkystan.kz.

Ескерту жазбасында алаяқтар Damumed-тен ресми хабарландырулар болып көрінуі мүмкін жалған электронды хаттар мен хабарламаларды жіберіп жатқаны айтылған. Сондықтан қазақстандықтардан күдікті сілтемелерді баспауды және үшінші тарап сайттарына өз деректерін енгізбеуді өтінген.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратып, Damumed атын жамылып сайттағы құпиясөзді өзгертуді сұрайтын алаяқтық хабарламаларды анықтадық. Сақ болыңыздар! Күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер», — делінген хабарламада.

 

https://turkystan.kz/article/246116-damumed-koldanbasynan-kazakstandyktarga-eskertu-kelip-zhatyr

Leave A Reply

Your email address will not be published.