Дала жұмысына дайындық қалай?

142
Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын 770,0 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Оның 399,4 мың гектарына дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 76,1 мың гектарына майлы дақылдар, 9,8 мың гектарына қант қызылшасы, 11,5 мың гектарына картоп, 37,1 мың гектарына көкөніс және 16,3 мың гектарына бақша дақылдары, 219,7 мың гектарына мал азығы дақылдары егіледі.
Егінге қажетті 89,3 мың тонна тұқымның 75,0 мың тоннасы қолда бар. Яғни, тұқым дайындығы 83,9% құрайды. Жетіспейтін тұқым көлемі облысымыз бен көрші өңірлердегі тұқым өндіруге және сатуға аттестатталған шаруа қожалықтар тарапынан толықтырылатын болады.
Одан бөлек, 226,3, мың гектар алқапқа 56,3 мың тонна минералды тыңайтқыш ендіру жоспарланса, 65,2 мың гектарға су үнемдеу (43,9 мың гектарына тамшылату, 21,2 мың гектарына жаңбырлату) технологияларын енгізу көзделіп отыр.
Көктемгі дала жұмыстарына (ақпан-мамыр айларына) жалпы 10,8 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бүгінгі күні облыс бойынша әлеуетті таратушы операторларды тағайындау шаралары атқарылуда.
Сонымен қатар, дала жұмыстарына 7311 дана ауыл шаруашылығы техникаларын жұмылдыру жоспарланған. Оның 4585 данасы трактор, 1234 данасы соқа, 580 данасы қопсытқыш, 826 данасы дән сепкіш, 92 данасы тұқым дәрілегіштер. Қазіргі уақытта техникаларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында биылғы жылға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1,0 млрд. теңге қаржы қарастырылған.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.