Чилиде орман өртінен 51 адам опат болды

70

Бұл туралы ел президенті Габриэль Борич хабарлады. Лаулаған жалын 43 мың гектар жерді күлге айналдырған. Табиғат апатынан әсіресе Винья-дель-Мар туристік қаласы қатты зардап шекті. Жалынды ауыздықтауға түрлі техника мен тікұшақтар қолданылып жатыр.

Чилиде былтыр да осындай алапат орман өрті болып, 27 адам ажал құшып, 400 мың гектар алқап өртеніп кеткен.

Аптап ыстықтан ағаштар тез тұтанып, өрт жылдам таралып жатыр. Оның үстіне кей аудандарда жел соғып, жалынды ауыздықтауға кедергі келтіріп тұр. Осы себепті тұрғындарға эвакуация туралы хабарлама алған бойда шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшу қажеттігін ескерткім келеді, — дейді Чили президенті Габриэль Борик.

https://turkystan.kz/article/239542-chilide-orman-rtinen-51-adam-opat-boldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.