Чемпиондардан мастер-класс

592

«Тараз-Арена» спорт сарайында облысымыздан шыққан атақты спортшылар шеберлік сағатын өткізді. Сонымен қатар «Қиын топ» және «Жайсыз отбасынан» шыққан балалармен еркін түрде диалог өткізген болатын.
Жас өрендерге мастер-классты Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, жүзуден Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллина, еркін күрестен Олимпада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, бокстан кәсіпқойлар арасында Әлем чемпионы Марат Мәзімбаев, алдағы Олимпиада ойындарында аймақ үміті еркін күрестен Әлішер Ерғали, бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ғани Жайлауов, еркін күрестен Сурдлимпиада ойындарның жеңімпазы Ғабит Есжанов, грек-рим күрсінен жасөспірімдер арасындағы Олимпада ойындарының жеңімпазы Жәнібек Қандыбаев, самбодан жастар арасында Әлем чемпионы Арқат Әнуарбек, дзюдодан жасөспірімдер арасында Әлем біріншілігінің жеңімпазы Нұрқанат Серікбаев сынды спорт шеберлері өткізді. Спорт саласының шын мықтылары шеберлік сағаты барысында өз өмірлік тәжірибелерімен, спорттағы басынан өткен қызықты оқиғалармен, жарыс алдындағы ішкі дайындықпен, өздері белдесу барысында қолданған айла тәсілдерімен бөлісті.
Кездесу соңында үлкен спорт әлемінің биігіне енді ғана тәй-тәйлап қадам басқан жас спортшылар, осынау ұлы істің шыңын бағындырған майталмандармен естелік суретке түсіп, қолтаңба алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.