Бүгін ауа райы қандай болады?

84

Қазгидромет синоптиктері 27 желтоқсан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Еліміздің қиыр солтүстігінде аздаған қар жауады.

Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, елдің оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.

https://turkystan.kz/article/208573-bugin-aua-rayy-kanday-bolady-4/

Leave A Reply

Your email address will not be published.