БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

91

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментіне 2023 жылдың шілде айында Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден Т.Рысқұлов ауданы, Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратымен негізсіз бас тартылғандығын және тиісті шара қолдану туралы шағымы қаралды.

Департаментпен жолданымды жан-жақты және толыққанды қарау мақсатында Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратында жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, аталған ауылдық округ әкімімен мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылғандығы анықталды.

Нәтижесінде, ауылдық округтің әкімі рұқсат беруден негізсіз бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Департамент тарапынан аудан әкіміне заң бұзушылықтарды жою және болашақта болдырмау мақсатында тиісті ұсыныстар енгізілді.

 

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.