Бұрынғы жігіті сөйлесуге шақырып, тепкілеп тастаған

261

«НеМолчи.kz» қоғамдық қоры әлеуметтік желісіне құрбысын бұрынғы жігіті аяусыз ұрып-соққанын айтқан Алматы тұрғынының өтінішін жариялады.

Шағымданушының айтуынша, оқиға болар күні жігіт қызды күні бойы үйінің алдында күткен.

«Жігіт құрбымнан тағы бір мүмкіндік беруін сұрап, сөйлескісі келген. Алайда құрбым қайта кездескісі келмейтінін айтқан. Бұл жауапқа ашуланған ол құрбымның басқа жігітпен сөйлесіп жүргенін білу үшін телефонын тартып алып, тексерген. Кейін құрбымды оңдырмай ұрып, тепкінің астына алған. Осыдан кейін ол полиция мен жедел жәрдем шақырған. Бірақ полиция қызметкерлері бұл тұрмыстық жағдай екенін және ол үшін жігітке ешқандай шара қолданылмайтынын айтқан. Оқиғадан кейін 3 күн өтті, полиция ешқандай шара қолданар емес. Бізге көмектесіңіздерші, өтініш», – делінген хабарламада.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.