Буллингке жол жоқ
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” тапсырысы бойынша «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында Буллинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатында оқушылардың арасында «Stop bullying» атты суреттер байқауы
Жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында үйымдастырылған «Stop bullying» суреттер байқауына қаланың мектептерінен 40 оқушы қатысты. Жасөспірімдер өз шығармаларында үйде, мектепте, автобуста немесе интернет сияқты кез-келген жерде буллинг бұл кез-келген адамның басында болатын жағдай деп көрсетті. Келесі шығармаларда бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ екені айтылса. Ал басқалалары азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау екенін көрсетті. Қорытындылай келе, жас жеткіншектердің шығармашылығын жетілдіруге бағытталған осындай шаралары дәстүрге айналса, Тараздың талантты ұл-қыздарын көптеп тануға мүмкіндік алар едік және құқықбұзушылық пен қылмысқа жол бермейтін өрендер тәрбиеленер еді. Өнерден қуат алған жастары бар ел ғана өркениет көшінде сара жолынан дара даңғылынан адаспайды.
«Stop bullying» атты суреттер байқауы жеңімпаздары мен қатысушыларына арнайы дипломдар, сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.