«БҰЛ ХАЛАЛ, АЛ МЫНАУ ХАРАМ»- ДЕП ТӘРБИЕЛЕУ

65

“Бұл халал, ал мынау харам” деп тәрбиелеу — Құдайдан қорқатын ұрпақ өсіреді.

Ал “ұят болады” деп тәрбиелеу – жұрттан қысылатын, адамдардың алдында ненің ерсі, ненің дұрыс не бұрыс екенін ажырататын ұрпақ өсіреді.

Сондықтан да, балаға тәрбие берерде ненің ұят екенін, ненің харам-халал екенін үйретсеңіз, ерсі қылықтардан ада, ешкімнің ала жібін аттамайтын ұрпақ жетіледі…

-Қоғамымызда сезім тапшылығы соншалықты,

жылы сөз не кішкене мейірімділік көрсе, көп адам оны бірден “махаббат” деп түсінеді!

-Білім, түсінік, жаттау, оқыған кітаптарың қанша көп болса да, егер оны көркем мінезің сүйемелдемесе, ол ілімің өз есігіңнің табалдырығынан әрі аспайды!

-Махаббат тек екі тірекпен тік тұрады:

қамқорлық пен құрмет. Бірі болмаса, ол — ақсап тұрған махаббат…

-Біреу жердің құрттын менсінбей қарап еді,

құрт күліп тұрып: “Тәкәппар болма, адам! Ертең сен — менің тамағымсың!” деді…

-Ауа температурасы — нөл,

қоқыс тазалаушы үсіп жүрсе де, саған қарап күлімсірейді.

Ал кейбіреулер — жылы жерде, жайлы кеңседе отырса да, мінезі — нөлден төмен!

-Көшеге тастаған әрбір қоқысың — қала тазалығынпн қам жеп жүрген жүрген жұмысшыға ауыр салмақ. Рақыммен қара!

-Исламдағы ең ұлы сабақ — көркем мінез.

Егер сенің мінезің көркем болмаса, Исламнан не үйрендің?

-Бір дана айтқан екен:

“Мен әйел затындай қадірлі жаратылысты көрмедім. Бала кезінде — әкесін жәннатқа жетелейді,

бойжеткенде — күйеуінің дінін кемел етеді,

ана болғанда — аяғының астында жәннат жатады.”

-Қызық жаратылыспыз:

қатты армандаймыз, оған жеткен соң қадірін жоғалтамыз,

жоғалтқан соң қайтадан аңсап, зар боламыз!

-“Нәпсімен күрес” – айтуы оңай, істеуі қиын,

тек Жәннатты көз алдына елестеткен, Раббысының мейірімін сезінген шын мұсылман ғана соған шыдай алады.

Тілектермен:

Қайырлы, мейірімге толы ғұмыр кешіңіздер!

Abdulakhad SMANOV

https://muslim.kz/article/bul-khalal-al-mynau-kharam-dep-tarbieleu

Leave A Reply

Your email address will not be published.