«Бойдақтарды үйлендіретін ән». Құрмаш Маханов қызық оқиғасын бөлісті

210

Әнші Құрмаш Махан өмірлік жарын ұзақ уақыт іздегенін, кейін соған арнап ән жазып, көз ұзамай үйленгенін айтты. Ол бұл туралы «Оян» бағдарламасында әңгімелеп берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, кейін сол әнді жақын інісіне берген. Ол да көз ұзамай шаңырақ көтерген.

«Аяулы жарымды, шыны керек, Жаратқаннан өте көп уақыт сұрадым, өте көп уақыт, көп іздедім. Бір күні тіпті шаршағаннан «Болашаққа хат» деген ән жаздым. «Өзіңді іздеуден шаршадым, көнемін» деп келеді сөздері. Сол әнді қалай жаздым, бір айға жетпей келіншегімді таптым, бір айдан кейін үйлендік. Қазір үш ұлымыз бар. Тату-тәтті, мәміледе өмір сүріп жатырмыз. Бір қызығы, інім бар, өзі — басқа саланың азаматы болғанмен әнге жақын, әнді өте жақсы орындайды. Қарағандының тумасы, Саламат деген інім. «Аға, мен мына әнді айтайыншы» дейді. «Мен әйеліме шығарған ән ғой» деп, бір-екі жыл көнбей жүрдім. Бір-екі жылдан кейін «мақсатыма жеттім, ән мақсатына жетті, Саламатқа берейінші» деп ойладым. Ол 32-де еді, бойдақ болды. Әнді бердім. Осы әнді орындады да бір жылға жетпей үйленді, қазір екі кішкентайы бар. Енді Әміреге орындатайын деп отырмын. Ырымға сенемін деп айта алмаймын. Бірақ эстафетаны жалғап, бүкіл қазақтың бойдақтарын осы әнмен үйлі қылайын», — дейді Құрмаш Маханов.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/75715/?utm_source=smi24

Leave A Reply

Your email address will not be published.