Босанғаннан кейінгі депрессия тек әйелдерге қатысты ма?

305

Фото: emergency-live.com

Кейінгі кезде босанғаннан кейінгі депрессия термині жиі айтылады. Бұл жағдай әйелдерге ғана емес, оның серігіне де әсер ететін болып шықты. Мысалы, ерлердің 4%-ында бала дүниеге келгеннен кейін көңіл күй төмендеп, ұйқы бұзылғаны байқалған.

Босанғаннан кейінгі депрессия бірнеше апта немесе бір жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл уақытта адамда үмітсіздік, алаңдаушылық пайда болады.

Бала өмірге әкелгеннен кейінгі депрессияның нақты пайда болу себебі  белгісіз. Дегенмен мына факторларға байланысты болуы мүмкін:

Гормоналды ауытқулар. Бұл процесс әйелдің бойында үнемі өзгеріп отырады. Ал босану кезінде эстроген мен прогестерон деңгейі күрт төмендейді. Бұл депрессияның өршуіне әсер етуі мүмкін.

Бұрынғы депрессия. Егер әйелде бұрын депрессия эпизодтары болса, ауру қаупі жоғары.

Шаршау. Көптеген әйел босанғаннан кейін шаршайды. Кейде бұл процесс ұзаққа созылады. Физикалық және психикалық тұрғыда қалыпқа келу үшін уақыт қажет.

Уайым. Кейбір әйелдер нәрестелі болғысы келетініне күмәнданып қалады. Тіпті, жүктілік жоспарланып, өзі мұны қалаған болса да, оған бала туу туралы ойға үйрену оңай болмайды.

Күтпеген жағдайлар. Өмірдегі үлкен өзгерістер, мысалы, жақын адамдарының қайтыс болуы немесе ауруы, жүктілік және босану кезінде қолдаудың болмауы, тұрғылықты жерін өзгерту және әлемдегі тұрақсыз жағдай, босанғаннан кейінгі депрессияның даму қаупін арттырады.

Босанғаннан кейінгі депрессияның белгілері

Босанғаннан кейінгі депрессия кезінде адамның көңіл күйі төмендеп,  ештеңеге зауқы соқпай жатады. Сонымен қатар түрлі шағым айтады.

Ең жиі кездесетін белгілері:

Нашар көңіл күй – көңілсіздік, меланхолия және көз жасы.
Серігіне, балаға және қоршаған ортаға тітіркеніп қарау.
Қызығушылықты жоғалту.
Демалсаңыз да кетпейтін тұрақты шаршау сезімі.
Ұйқы проблемасы. Бұл бала ұйықтап жатса да, ата-анасын мазаламаса да болып жатады.
Күндізгі уақыттағы ұйқышылдық.
Шешім қабылдауда қиналу.
Тәбеттің жоғалуы немесе керісінше, ләззат алу үшін артық тамақтану.
Баста «Мен жақсы ана емеспін», «Мен баламды дұрыс қарай алмаймын», «Бала мені жақсы көрмейді» деген ой пайда болуы.
Баламен қарым-қатынаста қиындықтар.

Босанғаннан кейінгі депрессия қалай емделеді?

Терапия депрессияның ауырлығына байланысты таңдалады. Психотерапия жеңіл түрінде, эмоцияларыңызбен күресуге көмектеседі. Когнитивті-мінез-құлық және тұлғааралық терапия да  бұл диагноздан емделуде тиімділігін көрсеткен.

Британдық клиникалық нұсқауларға сәйкес антидепрессанттар сертралин мен пароксетин босанғаннан кейінгі депрессияны емдеуде ең көп зерттелген және қауіпсіз болып саналады. Бірақ препаратты психиатр таңдауы тиіс.

Сондықтан, егер көңіл күйіңіз айтарлықтай нашарласа немесе алаңдаушылық пайда болса және бұл нәресте туғаннан кейін екі аптадан кейін де кетпесе, психотерапевт немесе психиатрдан көмек сұрағаныңыз абзал.

Дереккөз: NHS

https://turkystan.kz/article/226599-bosangannan-keyingi-depressiya-tek-eyelderge-katysty-ma/

Leave A Reply

Your email address will not be published.