Болашақтың бақытты ізін көрем!

97

Сенде дейді бақытты балғын ғалам!
Сен бар шақта қазағым қаңғырмаған.
Құшағыңды аш Алматы келем саған,
Ақындықпен алысқан алғыр балаң!

Теңіздерде толқынын тасытқандай,
Білесің бе бұл балаң ғашық қандай?
Поэздбенен жүйткиді алға таман,
Әкесіне ентелеп асыққандай!

Алпауытсың әлемге атын қалған,
Тәрбиең бар заңдардай мақұлданған.
Алатауын шақырар дәл анамдай,
Көрінгенде бейнесі жақын маңнан!

Ғимаратты жасаған ағам бәрін,
Төріндемін ен биік ғаламдамын.
Дәмханана кіргенде есім шығар…
Еске салып жеңгемнің тағамдарын.

Тағдырын жоқ тар жолда жаңылысқан,
Медеуің бар айдыны шағылысқан.
Келіншегім сияқты сүйе бердім,
-Оу Алматы мен сені сағыныштан!

Ұйғырыңда қытайын қазағында,
Құшағына сыйдырған ғажабында!
Бауырыма бағалы сыйлық алдым,
Берекелі бүгінгі базарында.

Тауларында қырандай самғамасам,
Қанағат ғып отырам барға қашан?
Шымбұлақтың шыңына жеткен кезде,
Төмен жақтан көрінер Алмарасан.

Бақыттысың Алматы барыңменен,
Жастарыңнан жаңаша жалын көрем.
Сенде ғана әлемге аты шыққан,
Әйгілі ол шатқалын Шарын деген

Өлең жаздым тағы да шимайланған,
Кереметті кешірші сыймай қалған.
Екі жылды еңсеріп тағы келдім,
Кетер кезде қамығып қимай қалғам.

Туристердің төріне келем деуі,
Көңілімнің ол емес елеңдеуі.
Сенде өскен өткеннің аңыздары,
Сенен шыққан келешек кемеңгері!

«Көркем қала-Алматы»Көктөбеңіз,
Барша адамға жылулық от бересіз.
Мына ақынның сәлемін қабыл алғың,
Жүрексініп жүрекке жоқ демеңіз!

Сұлулығын көп екен тізілмеген,
Апортыңды жесем ғой үзілмеген.
Баршаңызға сүйсініп қарап тұрып,
Болашақтың бақытты ізін көрем!

Авторы: Аманжол Сұрағанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.