«Болашағы бір ел – Бақытты ел!» конференциясы өтті

621

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Болашағы бір ел – Бақытты ел» атты конференциясы. Конференцияға Астана, Қарағанды, Алматы және Қызылорда қалаларынан жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушы-профессор құрамы мен студенттері қатысуда. Конференция пленарлық және секциялық бөлімнен тұрады. Алғашқы отырыста Астана және Алматы қалаларынан келген баяндамашылар өз баяндамаларын оқыды.

Пленарлық отырысты Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің Кеңес төрағасы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа жүргізді. Алғашқы баяндаманы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасының профессор міндетін атқарушысы, т.ғ.д. Бибізия Калшабаева жасады. Келесі сөз Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінің магистранты Бекарыстан Аманжолов баяндама жасады. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрсейіт Қарабаев сөз алды. Ол аталмыш жоба шеңберінде ұйымдастырылған «Болашағы біртұтас ел!» посторлар және «Үздік мақала» атты журналистер арасында мақалалар байқауының қорытындысын шығарды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Марапатты Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа жасады.

Конференцияның жалғасы секциялық отырыстармен жалғасын тапты. Онда студенттер мен магистранттар және оқытушы-профессор құрамдары өз баяндамаларын жасап, ортаға түрлы ой-пікірлерді салды.

Нұрсейіт Қарабаев,

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.