
https://turkystan.kz/article/262117-bqo-da-300-den-astam-kiik-sudan-ote-almai-qyryldy
Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам киік өзеннен өте алмай қырылып қалды.
КТК телеарнасының мәліметінше суға тұншығып арам қатқанның бәрі биылғы төл екен.
Киік қырғыны Ресеймен шекаралас Қазталов ауданындағы Сарыөзен су айдынында болған.
Мамандардың мәліметінше, бұл жер ақбөкендердің жортатын жолы екен. Сондықтан өзен суы лайланып, кейбір жері балшыққа айналған. Лай су мен биік жардан өту үлкен киіктерге қиын болмағанымен, құралайлар өзеннен өте алмай суда қалған.
Мамандар бұл жерден 308 киіктің өлексесін тапқан. Арам қатқан жануарлар қазір арнайы орынға жеткізіліп, жойылып жатыр.
«Киік бір жерден өтпейді, мысалы, судан өту үшін Жәнібек ауданының Таловка ауылына, Қазталов ауданындағы Қошанкөл ауылына дейін барады, одан да асып кетеді. Яғни сондықтан кезекшілік қоюға мүмкіндік жоқ», — дейді БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумағының инспекция басшысы Нұрлан Рахымжанов.