Биылғы жылы ауданның орман қоры жерінде өрт оқиғасы орын алмаған

86
Биылғы жылы ауданның орман қоры жерінде өрт оқиғасы орын алған жоқ.
Ал, аудандық жер қорындағы орын алған 4 дала өрті мекеме қызметкерлерінің қатысуымен тоқтатылды.
Сарысу аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлерінің аудандық өртке қарсы қызмет бөлімімен, ерікті өрт сөндіру жасақшыларымен біріктірілген өрттің алдын алу және оны дер кезінде оқшалауға арналған жұмыс жоспары жасалып бекітілген. Мекеменің жұмысшы қызметкерлерінен құралған өрт қауіпті кезеңіне байланысты кезекшілік кестесі жасалып, журнал ашылып күнделікті жұмыс жүргізіліп отырады.
Орман қорын күзету және жедел әрекет ету тәуліктік кезекшілікті ұйымдастыру мақсатында мекеменің орталық кеңсесінде, Байқадам және Жайлаукөл ауылына барлығы 3 бекет қойылды. Әр бекеттерде 1 трактор, 1 уаз автокөлігі, азық-түлікпен және жанар-жағар маймен, қажетті құрал-саймандармен толық жабдықталды.
25 адамнан ерікті өрт сөндіру командасы жасақталып жұмыстар атқарылды.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.