Биылғы жылы 15000-ға тарта тал көшеттерін отырғызу жоспарланған

65
Аудан көлемінде көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жөніндегі бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 2023 жылға аудан көлемінде 15,0 мың ға жуық әр түрлі тал көшеттерін 10 гектар алаңға отырғызу көзделген.
Көктемгі абаттандыру кезінде 7016 тал егілді.
Қалған 8000 тал көшеттері күзгі тазалықтың екі айлығында егіліп жатыр.
2023 жылғы 21 қазандағы «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы аясында 4680 түп әр түрлі талдар отырғызылды. Оның ішінде, 2430 түп тал жасыл белдеулерге және мекеме, кәсіпорын, саябақтарға 2250 түп талдар егілді.
Жалпы, күзгі санитарлық-тазалық жұмыстарының екі айлығы аясында Жайылма ауылдық округіне 1500 түп, Жаңатас қаласына 1500 түп, Игілік ауылдық округінде 2000 түп, Жаңаарық ауылдық округінде 600 түп, Досбол ауылдық округінде 1000 түп, Жаңаталап ауылдық округіне 1500 түп тал көшеттері отырғызылатын болады.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.