Ағымдағы жылы №15 ықшамауданнан 34 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. «Автобекет» маңындағы №14 ықшамауданнан 22 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім ұсынылған. Сондай-ақ А.Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алқапқа қосымша 30 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Қазіргі таңда жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан кейін бюджеттік өтінім беріледі.
Құрылыс саласына инвестиция тартуға да басымдық берілуде. Мәселен, мердігерлердің жеке қаражаты есебінен 2023-2024 жылдары 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланса, өткен жылы 7 көпқабатты тұрғын үйде қоныстой тойланды. Ал қалған 11 үйдің құрылысы жүргізілуде.