Спорт саласы қала әкімінің назарынан тыс қалмауда. 2023 жылы даму картасында жоспарланған «Құмшағал» тұрғын алқабындағы спорт кешені елге есігін айқара ашса, бұл жобаға қалалық бюджеттен 485 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ 130 млн теңгеге 5 спорт алаңшасы салынып, бүгінде ел игілігіне қызмет етуде.
Биылға жоспарланған жоба да аз емес. Мәселен, ағымдағы жылы №15 ықшамауданынан спорт кешенін салуға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленсе, бұдан бөлек, 225 млн теңгеге 9 спорт алаңшасын салу жоспарлануда. Олар «Самал», «Химик», «Бәйтерек», «Қайнар», «Қаратау», «Жиделі», «Бурыл», «Қарасу», «Ақбұлақ» шағынаудандары мен тұрғын алқаптарында бой көтереді.