Биыл Алматы облысында 68 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

44

Жыл басынан бері Алматы облысында пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген 68 мың гектар жер аманаттықтардың тікелей араласуымен мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында айтылды.

Бүгінде жайылымдарды ауыл тұрғындарына беру мақсатында жер-кадастрлық құжаттаманы ресімдеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаевтың айтуынша, заңсыз бөлінген немесе пайдаланылмай жатқан жер мен жайылымды мемлекет меншігіне қайтару – партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттың бірі.

«Біздің облыста аталған комиссияның күшімен өткен жылы 113 мыңнан аса гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, биыл жыл басынан бері 68 мың гектар жер қайтарылды. Ал алдағы бес жылда партияның сайлауалды бағдарламада белгіленген игерусіз жатқан тағы 190 мың гектар жер қайтарылатын болады», – деді Қуат Байғоджаев.

Оның айтуынша, Алматы облысы негізінен ауыл шаруашылығы аймағы саналады.

«Өңірде аграрлық секторды дамытудың әлеуеті зор. Халықтың басым көпшілігі ауылдық жерде тұрады. Партиялықтардың міндеті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған шаруаларға жағдай жасау. Бұған қол жеткізу үшін жайылым тапшылығы мәселесін шешуіміз керек», – деді ол.

Айта кету керек, 2022 жылдың басынан бастап пайдаланусыз жатқан 8 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды.

Сондай-ақ жер мәселелерін жедел шешу үшін қазақстандықтар «AMANAT» партиясының 8 800 080 44 41 «Сенім телефоны» арқылы заң бұзушылықтың барлық фактісі туралы хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмірі бойынша қабылданады.https://turkystan.kz/article/233011-biyl-almaty-oblysynda-68-myn-gektar-zher-memleketke-kaytaryldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.