БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ

266
Бүгін ауданда Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарымен бірлесе «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен мекемелерде этносаралық қатынастар саласындағы сенім мәдениетін, мемлекеттік саясатты ілгерілету, қоғамда бірлік пен келісімді нығайту мақсатында семинар-тренинг өткізді.
Семинарға Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Дүйсембайұлы Баймульдинов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Харкиевич Буларов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының спикері Руслан Алтайұлы Тоқатов пен бірқатар қоғамдық бірлестіктердің төрағалы арнайы жұмыс сапарымен келді.
Сонымен қатар басқосуға аудан прокуроры, аудандық бөлім, мекеме басшыларымен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, бұл бағыттардағы өзекті мәселелер талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.