БИНАЗАРДА НАУБАЙХАНА АШЫЛДЫ

69
Шалғай жатқан Мойынқұм ауданы, Биназар ауылында наубайхана ашылды.
Наубайхананы жеке кәсіпкер Мәншиева Ботагөз ашты. Бұл «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында 2,5% несие алып, жобалық құны 6 млн тг, қуаттылығы 700 нан ( бөлке, лаваш, көмеш нан) құрайтын наубайхана. Республикалық трасса бойында орналасқан бұл наубайхана қазірдің өзінде жол бойындағы дүкендер мен кішігірім асханаларды ыстық нанмен қамтамасыз етуді бастап кеткен. Наубайхананың ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Е. Әмірханов қатысып кәсіпкердің ісіне табыс тіледі, Биназарлық ақын-сазгер Б. Әбішев арнау арнады, ал ауыл ақсақалы Б. Қияшұлы ақ батасын берді. Осыдан жиналған қауым кәсіп иесі Б. Мәншиеваның қолынан ыстық наннан ауыз тиіп кәсібінің нәсібін көруін тіледі.

 

Мойынқұм ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.