БІЛІМ САПАСЫ МЕН АДАМИ КАПИТАЛ

19
«Білім сапасы мен адами капитал жаңа оқу жылындағы өңірлік басымдықтар» атты облыстық тамыз педагогикалық кеңесі аясында «Білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие жүйесін жетілдіру: жаңа тәсілдер мен тиімді тәжірибелер» тақырыбында секция отырысы өтті.
​2026 жылғы 11 тамыз күні аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің құқықтық жұмысқа жауапты әдіскерлері мен мектеп директорларының құқықтық ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық тамыз кеңесі аясында «Білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие жүйесін жетілдіру: жаңа тәсілдер мен тиімді тәжірибелер» тақырыбында секция өтті. Секция жұмысына 200-ден астам педагог қатысты.
Секцияның мақсаты – білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жүйесін жетілдіру, білім алушылардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастырудың тиімді тәсілдерін ұсыну, «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асырудың озық тәжірибелерін тарату және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының мазмұнын жетілдіру.
Панельдік секция барысында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Г.Е.Келдибаева секция жұмысын ашып, «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүйелі ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен тиімді тетіктеріне тоқталды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру» департаментінің бас сарапшысы Ж.Д.Нұржан және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Тәрбие теориясы және әдістемесі орталығының директоры Т.Р.Абишев жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі басымдықтары мен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бағыттары туралы баяндап, құқықтық тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған өзекті міндеттерді атап өтті, сндай-ақ «ӨРКЕН» БӘАҰҒПИ КеАҚ Балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін дамыту зертханасының жетекші маманы А.Т.Аскарова «Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысын жетілдіру» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналармен жүйелі серіктестік орнату және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарын нақтылады. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бас маманы М.А.Керимбеков «Педагогикалық баса назар аударуды талап ететін білім алушыларды ерте анықтау және оларға уақтылы қолдау көрсету мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, білім алушыларды ерте анықтау, жеке қолдау көрсету және педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудың тиімді жолдарын ұсынды. Тараз қалалық білім бөлімінің бас маманы К.И.Укибасов «Заң және тәртіп» құндылығы – әділетті қоғам мен саналы ұрпақ тәрбиесінің негізі» тақырыбында баяндама жасап, білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен заңға құрметін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Меркі ауданы А.Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының құқықтық ісі жөніндегі орынбасары А.А.Таукебаева «Құқықтық тәрбие – заңға бағынатын, жауапты азамат қалыптастырудың басты тетігі» тақырыбында баяндама жасап, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың мектептегі тиімді әдістерімен бөлісті. Тараз қаласы №34 орта мектеп директорының құқықтық ісі жөніндегі орынбасары З.Ә.Умбетбаева «Білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында баяндама жасап, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ерекше назарды қажет ететін білім алушыларға кешенді қолдау көрсету тәжірибесін ұсынды.
Сонымен қатар қатысушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, электронды таратпа материалдар ұсынылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.