Білім ошақтарының жайы бақылауда

70
Бүгін мен Ойық ауылында орналасқан білім бөліміне қарасты мектептер мен бала бақшаларды араладым.
Ішкі жағдайларымен және қысқы маусымға дайындық жұмыстарын да қарап, жылу беру қазандығының қысқа дайындық жұмысын бақылап, қауіпсіздікті әркез назарда ұстауды тапсырдым.
Балалардың қысқы мезгілде жылумен қамтылуы бірінші кезекте болуы керектігін ескерттім.
Балабақшадағы жағдайды көзбен көріп, барлық бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу қажет екендігін айттым.
Сонымен қатар қыс мезгілінде білім алушылардың қатынауына қолайлы жағдай жасау үшін, мектеп айналасындағы жарықтандыру жол мәселесін де назарда ұстауды жауапты азаматтарға тапсырдым.
Сондай-ақ, тамақтану мәселесі де баса назарда болып, тамақтың сапасына ұдайы бақылауда болуын тапсырдым.
Осы аралау барысында мұғалім, ата-ана және оқушы. Осы үштік одақтың арасындағы байланыс деңгейі қандай?
Ата-анамен байланыс үзілмеуі тиіс. Балалардың бос уақыты болмағаны абзал.
Осы және өзге де өзекті мәселелер қозғалып, ұстаздар мен оқушылардың пікірлерін тыңдадым.

 

Мақсат Арапұлы Қазанғапов

Leave A Reply

Your email address will not be published.